Астаналық жігіт дүкенде әйелге шабуыл жасады

197

Елордадағы Төле би көшесіндегі шағын маркеттердің бірінде бейтаныс жігіт қызды ұрған.

Астаналық жігіт дүкенде әйелге шабуыл жасады Фото: Бейнежазбадан

Оқиға жайында жәбірленуші, балалар нутрициологы Мереке Жақсыбаева өзінің Instagram парақшасында айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Төле би көшесіндегі шағын маркетте есептегіштің жанында қызды кездестірген, сол сәтте бала сүрініп құлаған. Ол қыздың әкесінен кешірім сұрап, оның баласына зиян тигізгісі келмегенін айтқан. Бірақ ер адам қызын қолына алып, сол күйінде әйелді итере бастаған. Боғауыз сөз айтып, ұрыс шығарған.

Бұл әрекетін аз көрген жігіт қолындағы баласын тастап, қайта келгенде қызды арқасынан итерген. Қыз соққыдан басын тоңазытқышқа ұрып алды. Бақылау камераларынан алынған видеода қыздың өзінен екі есе үлкен ер-жігіттен сақтанып, барынша өзін қорғауға тырысқанын көруге болады. Сол сәтте жанжалдың үстінен түскен екі куәгер оларды ажыратпақ болған.

Алайда, көмекке келгендер жұдырығын ала жүгірген жігітті емес, қорғанып жатқан қызды ұстауға тырысқан.

"Мен соққы іздерін түсіріп, полицияға арыз жаздым, маған тергеу басталғаны туралы SMS келді. Шабуыл жасаған адам менімен жеке байланысқа шықпады, бірақ дүкенге барып, менің суретімді сұрады. Ол: "Мен оны тауып, кеше айтқанымның бәрін жасаймын, өлтіремін, пышақтаймын", – деді. Әйелі де кеше мені іздепті", – деді нутрициолог.

Сонымен қатар, жәбірленушінің айтуынша, жанжал кезінде дүкен қызметкерлері де, олардың арасындағы ер-азаматтар да көмекке келмеген. Дегенмен, қыз екеуінің арасына түсіп, жігітті сөзбен сабырға шақырғандарға және видео-камера жазбасын берген дүкен әкімшілігіне алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу