"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда қиын жағдай туындауы мүмкін екенін ескертеміз. Көлік құралын басқару күрделене түседі, яғни апаттар ықтималдығы артады. Қала жолдарында және жекелеген учаскелерде, атап айтқанда жол өткелдерінде, айналма жолда көру мүмкіндігінің шектелетінін ескеру қажет, көктайғақ болуы мүмкін", - деп жазды қалалық полиция департаментінен.
Хабарламада жазылғандай, жүргізушілер жылдамдық режимін, қашықтықты сақтап, жол белгілерінің талаптарын орындау қажет. Жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде көліктің тежегіш мүмкіндігі ылғалды және тайғақ жолда ұлғаятынын ескеру керек.