Астаналықтар автобустағы жол ақысын банк картасымен төлей алады

883

Әзірге жоба кейбір бағыттарда пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Егер ол сәтті жүзеге асса, жоба барлық елордалық көлікте қолданылатын болады. 

Астаналықтар автобустағы жол ақысын банк картасымен төлей алады

18 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің бірнеше маршруттары бойынша жол жүру кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен төленуі мүмкін, деп sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды inbusiness.kz.

Елордалық City Transportation Systems көлік компаниясының хабарлауынша, бұл жоба пилоттық режимде жұмыс істейді және 31 қазанға дейін жалғасады.

"VISA мен Mastercard картасын, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфонды пайдалана отырып төлем жасай аласыз. Транзакцияны жүзеге асыру үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға қою жеткілікті", –делінген компания хабарламасында.

Пилоттық жоба №61 қалалық бағыттағы үш автобуста және қала маңындағы үш автобуста – №309, 310, 315-те іске қосылады. Олар арнайы сәйкестендіру жапсырмаларымен белгіленеді.

Банк картасымен төлеу кезінде жол жүру ақысы өзгеріссіз қалады – 90 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу