Астаналықтар бірлік күнін 4 алаңда тойлады

426

Бұл күні достық пен тыныштық дәріптелді. 

Астаналықтар бірлік күнін 4 алаңда тойлады Фото: Zakon.kz

Астаналықтар жұрт болып жұмыла 1-мамырды атап өтті. Қазақстан халқының бірлігі күні елордадағы 4 алаңда аталып өтті. Тәуелсіз Қазақстан тек иісі қазақтың емес, түрлі ұлыстың басын қосқан құтты шаңырақ. Татулықты нығайтатын түрлі шара ұйымдастырылды. Астаналықтарға ән мен биден шашу шашылып, түрлі ұлттық ойындар мерекенің көркін қыздырды.

1 мамыр - қазақтың байтақ даласын, алаштың баласымен бірге мекендеп, ортақ үн қосып жүргендердің төл мерекесі. Әдет пен ғұрып, тіл мен діл ұлтаралық татулыққа кедергі бола алмасы анық. Бізде аз да болса, неміс бар!

Осылайша, қабағы ашық, көңілі көтеріңкі, бір-біріне асық 100-ден аса этнос Қазақстанда келісіммен күй кешіп келеді. Астанада ынтымақ күні ықыласпен тойланды. Шаһардың 4 алаңында өнер жұлдыздары ән-шашу арнап, жұрттың көңілін бір көтеріп тастады.

Астанада 30-ға жуық этно-мәдени бірлестік тіркелген. Олар қай мереке болмасын басы қасында. Думандатып, шаттықтың шырайын шығарады. Мұны елдегі ырыс пен берекенің сақталуына қосқан үлесіміз деп біледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу