Астаналықтар бүгіннен бастап кептелістің алдын алудың жаңа жолына кірісті

Жергілікті билік ұзын-сонар кезектен құтылу үшін жұмыс кестесін өзгертуге шешім қабылдаған.  

Астаналықтар бүгіннен бастап кептелістің алдын алудың жаңа жолына кірісті Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бұл арқылы қала көшелеріндегі трафик 15-20 пайызға азаяды деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

15 қыркүйектен бастап Астанада кейбір мекеме жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұдан былай коммуналдық қызметтер, әкімдік жұмысты таңғы 7:30-дан бастайды, ал мемлекеттік қызметтер 7:30-8:00 арасында жұмысқа кіріспек. Әрі жұмыс та  ертерек аяқталады. Ал мектептер, ауруханалар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі бұрынғы уақытпен қала береді. 

Билік осы әдіс арқылы елордадағы кептелісті азайтып, таңғы және кешкі уақыттарда халықтың діттеген жеріне тез жетуіне септесуді ойластыруда. Әкімдіктің есебінше, жаңа жұмыс кестесі қала көшесіндегі трафикті 15-20 пайызға азайтпақ. Еске салайық, қала басшылығы бұл бастаманы 31 тамызда жариялаған еді. 

Үкімет Астанада ресми түрде 1,5 миллион адам тіркелгенін мәлімдеген болатын, десе де қалада күн сайын кемі 1,9 миллион адамның қызмет ететіні байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу