Астаналықтар Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасына 168 млн теңгеден астам қаржы салған

332

Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.

 Астаналықтар Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасына 168 млн теңгеден астам қаржы салған Фото: inbusiness.kz

Астанадағы "Chia Tai Tianqing Pharmaceutical" ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттікке сілтеме жасап.

Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.

Салымшыларға ақшаны көптеген жобалар бойынша табыстылығы жоғары қызметке инвестициялау ұсынылды.

Тергеу барысында құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңгені құрады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу