Астаналықтар қаланың бас жоспарының жобасын талқылау ісіне қатысуға шақырылады

408

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.   

Астаналықтар қаланың бас жоспарының жобасын талқылау ісіне қатысуға шақырылады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы "Астанабасжоспар" ҒЗИ-мен бірлесіп астаналықтарды 2035 жылға дейін Астананың Бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауды жалғастыру ісіне шақырады.

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 21-22 тамыз аралығында Астана қаласы Ә. Мәмбетов к-сі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бұл ретте бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізілетін болады.

Қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен халықты кеңінен қамту үшін елорда аудандары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылатын болады.

2023 жылғы 22 тамыз:

  • Сағат 17-00 - Сарыарқа ауданы, Ә.Мәмбетова көшесі, 22.

2023 жылғы 23 тамыз:

  • Сағат 11-00 - Байқоңыр ауданы, М. Ғабдуллин көшесі, 7, №10 мектеп гимназиясы мекенжайы бойынша;
  • Сағат 15-00- Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі, 20, № 86 мектеп-гимназиясы.

2023 жылғы 24 тамыз:

  • Сағат 10-00 - Нұра ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;
  • Сағат 15-00 - Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.

25 тамызда Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша "Жастар" сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді.

  • Басталуы сағат 10.00-де.

Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді мына электронды поштаға жіберуге болады: smgp@astanagenplan.org.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу