Астаналықтар көмірді қайдан алуға болатынын "жедел желі" арқылы біле алады

856

Астаналықтар көмірді қайдан алуға болатынын "жедел желі" арқылы біле алады

Астанада қала бойынша көмір сататын 15 орын бар. Оның ішінде 7-і ірі сатылым орны мен коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждық үшін көмір қабылдайтын 20 шақты орын бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Қыркүйек айында Астана қаласына 46,7 мың тонна қатты отын жеткізілген. Жақында тағы 5 600 тонна "Шұбаркөл" көмірі жеткізілді. Енді, қосымша 5 мың тонна жеткізу жоспарда бар.

Астанада үйін көмірмен жылытатын тұрғындар  қатты отынның қай кезде жеткізілетіні және қай жерде сатылатыны туралы ақпаратты +7-778-794-97-88, +7-702-800-77-37, 55-69-17, 55-68-99 телефон нөмірлері арқылы біле алады.

Көмірдің бір тоннасы орта есеппен 11 800 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу