Астаналықтар көмірді қандай бағаға ала алады?

567

Бағаның өсуіне жол бермеу үшін көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 

Астаналықтар көмірді қандай бағаға ала алады?

Астанада 11 қойма, 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл жерлерде 8 компания-реализаторлар өз қызметін жүзеге асырады, деп жазады inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді. Отын қоры тұрақты негізде толықтырылып отырады.

Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша "Қауырт желі" жұмыс істейді, онда тұйықтықтағы (тупик) көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.

Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде:

Шұбаркөл-тоннасына 13 800 тг;

Қаражыра-тоннасына 14 500 тг;

Майкөбе-тоннасына 12 700 тг.

Еске сала кетейік, елордада қаланы газдандыру жұмыстары жалғасуда. Екі аудан – Алматы және Сарыарқа аудандары – үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілді. Олар: Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, "Железнодорожный", Промышленный, Оңтүстік-Шығыс, оң жағы, Оңтүстік-Шығыс сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный көшелері, сондай-ақ Потанин көшесіндегі қаланың ескі бөлігі. 680 км астам газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды, кварталішілік желілер тартылды. Газға 5,7 мыңнан астам үй қосылған.

Қалған аудандар – Байқоңыр және Есілде газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде (кварталішілік желілер – 2023 жылы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу