Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал осы жылдың 9 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 48,4 млрд теңгеден аса жарна түскен.
"Соның 26,9 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал 21,5 млрд теңгеге жуығы –жеке кәсіпкерлерден түскен жарна. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 15 849 бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 97,6 млн теңгеден аса соманы құрайды, ал осы жылдың қыркүйек айында 8 521 БЖТ төлеушілерден 11,5 млн теңге жарна түскен. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, – дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында Астана қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін 149,1 млрд теңгеге жуық жарна жинақталған.