Астаналықтар мемқызметті саусақ таңбасы арқылы ала алады

1249

Қазақстанның қаржы секторы қызмет алуда биометриялық идентификацияны сәтті пайдаланып жатыр. Кейбір банктің мобильді қосымшаларына саусақ таңбасы арқылы кіруге болады. 

Астаналықтар мемқызметті саусақ таңбасы арқылы ала алады

"Азаматтарға арналған үкімет" пен "НИТ" АҚ бірлесіп пилоттық режимде Астана мен Алматыда мемлекеттік қызметті биометриялық механизммен іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

"Биометриялық мәліметтер базасы арқылы мемлекеттік қызмет алудың механизмі тұлғаның пайдалануы және қызмет алушының саусақ таңбасы арқылы мемлекеттік қызмет пен ХҚКО және электронды үкіметтің порталынан жеке төлқұжат пен ЭЦҚ көрсетпей-ақ алады. Биометриялық параметрлер пайдаланушының ақпараттық жүйені авторизация және аутентификация жасауына арналған", - деп жазды "Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Мұрат Жұманбай өзінің фейсбуктегі парақшасында. 

"Биометриялық мәліметтер базасын пайдаланушыларды тіркеу ерікті түрде жүзеге асырылады. Содан кейін ғана олар өзі туралы ақпаратты мемқызмет алу үшін пайдалана алады", - деді Мұрат Жұманбай.

Оның айтуынша, биометриялық идентификацияны енгізу қазақстандықтарға мемлекеттік қызмет алуды жеңілдетеді, бөтен құжатты алудың тәуекелін азайтады. Тіпті қазірдің өзінде Қазақстанның қаржы секторы қызмет алуда биометриялық идентификацияны сәтті пайдаланып жатыр. Кейбір банктің мобильді қосымшаларына саусақ таңбасы арқылы кіруге болады.

"Болашақта барлық қаржы секторы үшін бірыңғай база енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу