Астаналықтар су қоршауында қалған Астрахан ауданы Ескі Колутон ауылына гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды inform.kz.
Еріктілердің дерегіне сүйенсек, қазір 52 үй зардап шекті. Бүгін таңертең су басқан ауылға еріктілер келді.
Сондай-ақ Астрахан облысына "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалынан, ҚХА этно-мәдени орталығынан, Дүниежүзілік бокс кеңесі ұйымынан, жеке кәсіпкерлерден 2 млн теңгеге гуманитарлық көмекпен КамАЗ, газель, жеңіл көлік кетті.
Бұл – Ақмола облысында қиын жағдайда қалған алғашқы елді мекен емес, Атбасар, Целиноград, Сандықтау аудандарын да су басты.
ТЖК деректеріне сәйкес, Атбасар қаласында 450-ден астам үйді су басты. 1300-ден астам адам эвакуацияланды. 350-ден астам мал қауіпсіз жерге көшірілді.