Астаналықтар тегін флюорографиялық тексеруден өте алады

1272

Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап "STOP туберкулез!"  атты ауқымды қалалық акциясын өтеді.

Астаналықтар тегін флюорографиялық тексеруден өте алады

Акция аясында сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда елорда тұрғындары мен қонақтары тегін жылжымалы флюорографтан флюорографиялық тексеруден өтіп, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұған қоса, жұмыс күндері барлық қалалық емханаларында "Ашық есік күндері" өткізіледі және туберкулез сұрақтары бойынша кеңес алып, флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік болады. 

Фтизиатр дәрігерлер жүкті әйелдерді туберкулездің алдын алуы, жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы вакцинацияны өткізу туралы  ағаттандыру әңгімесін жүргізуге шақырады. Білім беру  мекемелерінде туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары, ата-аналармен кездесулер өткізіліп, Нұр-Сұлтан қаласының полиция Департаментінің қолдауымен, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға флюорографиялық тексеруден өткізу ұйымдастырылады.

Астаналықтар емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін uoz.astana.kz ресми сайтынан біле алады. Шара 23 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу