Астаналықтар жүрек-қан тамырлары ауруларының тегін диагностикасынан өте алады

826

Астаналықтар жүрек-қан тамырлары ауруларының тегін диагностикасынан өте алады

11-15 желтоқсан аралығында қалалық № 2 ауруханада 40 жастан асқан азаматтарға арналған "Денсаулыққа бірге" акциясы өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Іс-шара Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылғалы отыр. Бағдарлама жүрек және қан тамырлары ауруларының ерте диагностикасын өткізуге бағытталған. 

60 жастан асқан азаматтар дәрігердің тегін қарауына бара алады. Акцияға холестериннің жоғары деңгейі, жоғары артериялық қысым, тұқым қуалайтын жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар 50 жастан асқан азаматтар да қатыса алады. 40 жастан асқан азаматтар диагностикадан қант диабеті ауруына шалдыққан жағдайда өте алады.

Жұмыс күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін қабылдауға жазылуға арналған телефондар: 43-26-71, +7 771 162 58 08.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу