Астаналықтарды жылу жайы алаңдатып отыр

479

Астанада да жағдай мәз емес. Елордада үйлер мен ғимараттардағы жылу деңгейі төмендеді.   

Астаналықтарды жылу жайы алаңдатып отыр

Тіпті, кей кеңсе қызметкерлері жұмыста сырт киіммен отыруға мәжбүр. Газ тұтынып отырған тұрғындардың жағдайы, тіпті қиын. 

Зейнолла Ахметовтың қуанышы қалаға газ жетіп, көгілдір отынды тұтынумен байланысты болған. Тек сол бір өрекпіген көңіл көпке созылмай су сепкендей басылған.

"Екінші жыл қыстап жатырмыз газбен. Қиыншылықты көріп жатырмыз. Құбыр бір жері биік бір жері аласа. Сол жерге конденцат деген суы бар ғой сол жиналады да газбен келіп мынадай жіңішке трубаға келіп бітеледі. Мынау бітелгесін газда жүре алмайды. Сондай шырылдап, бүкіл агроқалашық алысып келе жатырмыз", дейді қала тұрғыны Зейнолла Ахметов.

Аталған мәселеге байланысты қала әкімдігі, "Жауапты мекемемен бірлесіп шешеміз", -деп қысқа қайырды. Бұл күндері шет аймақтағылар ғана емес, сол жағалау тұрғындары да жылу деңгейінің төмендегенін айтып шағымдануда. Құзырлы орган өкілдері жылу жеткізу қалыпты деңгейде жүргізіліп жатыр дейді. 

"Жылыту маусымының үздіксіз өтуі үшін қажетті отын қоры жеткілікті. Жылу және электр энергиясын беру толық көлемде жалғасуда. "Астана-Теплотранзит" АҚ бірге құбырлардағы температура мен қысым өлшемдері тексерілуде. Қорытынды нәтижелерге сүйеніп, акт жасалады. Одан әрі пәтер иелері коперативі мен ОСИ-ға ұсынымдар беріледі", дейді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік ақпаратты жазбаша жолдап, жағдай бақылауда дегеннен әрі аспады. 

Әділжан Бердібеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу