Астаналықтардың ауыз суға қатысты мәселесі жазда шешімін табады - Алтай Көлгінов

430

Бес жылдан кейін биыл салынатын стансы да жеткілікті мөлшерде су бермейді, сондықтан тағы төртінші станция салу керек. 

Астаналықтардың ауыз суға қатысты мәселесі жазда шешімін табады - Алтай Көлгінов Фото: liter.kz

Мәжіліс аясында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов журналистердің Астанадағы су мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.     

"Су мәселесі бойынша айтатын болсақ, 2020 жылы пандемия болған кезде жоба құра бастадық, оның барысында жылдан-жылға астаналықтар саны артып келе жатқанын ескердік. 2020 жыл толығымен суды тазарту станциясын жобалауға кетті. 2021 жылы құрылыс басталды және осы жылдың жазында бұл нысан аяқталуы керек. Сол кезде Астанада жеткілікті су болады", - деді ол.

Көлгінов мұны он жыл бұрын жасау керек екенін түсіндірді, сондықтан әкімдік 2020 жылы жобалауды бірден бастаған, биыл барлық жұмыстар аяқталуы тиіс.

Одан журналистер су тапшылығы болатынын біле тұра неге рұқсат берілгенін сұрады.

"Біз кейінге қалдырдық, бірақ көші-қон, ішкі көші-қон ағындары, демографиялық өсуді ескере отырып, біз №3 сорғы сүзгі станциясының құрылысын алдын ала бастадық. Бес жылдан кейін бұл нысан да жеткілікті мөлшерде су бермейді, сондықтан тағы төртінші станция салу керек. Үшінші станцияны тапсырғаннан кейін бірден төртінші станцияны жобалау басталады", - деп түсіндірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу