Мұндай ақпаратты Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төлем Астана қаласы мәслихатының 2023 жылдың қазан айында бекіткен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және көмек алуға құқылы азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылмақ.
Құжатқа сәйкес, мерекелік күнге арналған қаржылай төлем әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға жылына бір рет, тек бір негіз бойынша және ең жоғары сома көлемінде ғана берілетінін ескеру қажет.
– 25 қазанға дейін Астанадағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 4,5 АЕК (17 694 теңге) мөлшерінде төлем жүргізіледі, – делінген хабарламада.
Тізімді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы осы жылдың 25 қазанына дейін түскен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері негізінде жүзеге асырады.