Астаналықтардың қауіпсіздігін 2 мыңнан аса полицей қамтамасыз ететін болады

825

Астаналықтардың қауіпсіздігін 2 мыңнан аса полицей қамтамасыз ететін болады

Елорда әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қала әкімдігінің жанындағы Антитеррористік комиссияның отырысы өтті. Оған Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, Астана қаласы бойынша ҰҚКД басшысы, сондай-ақ аудан әкімдері қатысты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде елорда нысандарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және бақылауды күшейту шаралары талқыланды. Отырыста қаланың күш құрылым басшылары қабылданған шаралар туралы есеп берді. Мерекелік шаралар барысында тұрғындардың қауіпсіздігін 2 мыңнан аса тәртіп сақшысы қамтамасыз ететін болады. Күшейтілген режим 2016 жылғы желтоқсанның 8-інде басталып, 2017 жылғы қаңтардың 15-іне дейін жалғасады.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі Басқармасының басшысы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, мереке күндері барлық қоғамдық орындар айрықша бақылауға алынады. Халық көп жиналатын орындар тәулік бойы бақыланады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу