Астананы автобуспен тегін аралатады

880

Халықаралық туризм күніне орай, 29 және 30 қыркүйек күндері Астана тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Астананы автобуспен тегін аралатады

29 және 30 қыркүйек күндері елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.  

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында және Халықаралық туризм күніне орай, 29 және 30 қыркүйек күндері Астана тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және ҚР Ұлттық мұражайынан басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы). 

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу