Астананы бірыңғай стильде безендіру бойынша жаңа тұжырымдама әзірленеді

1846

Стиль Ұлы дала елордасының мен инновациялық шешімдерді тарту орталығының кейпін бейнелейді. 

Астананы бірыңғай стильде безендіру бойынша жаңа тұжырымдама әзірленеді

Қоғамдық даму істері басқармасы Астананы бірыңғай стильде безендіру бойынша жаңа тұжырымдаманы әзірлемек. Стиль Ұлы дала елордасының мен инновациялық шешімдерді тарту орталығының кейпін бейнелейді. Бұл туралы басқарма басшысы Данияр Есин мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуына қарағанда, жаңа дизайн-кодтарда барлық мемлекеттік бастамалар мен жобалардың өзегі ретіндегі Астананың рөлі көрсетіледі.

"Идеологиялық құрауыштар әзірленген дизайн-кодтарға сәйкес жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды төсеу сызбасынан бастап, ландшафтты жарықта, маңдайшаларда, билбортарда, сауда павильондарында, қоғамдық орындарда айнасын табатын болады. Сонымен қатар, қолданылатын материалдар, түстер палитрасы мен орналасу нормалары қарастырылады", – деді Данияр Есин.

Сонымен қатар, Есин алғашқы көктемгі мерекеге орай Астананың қалай безендірілетіні туралы айтып берді.

"2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғанын ескере отырып, 8 наурыз қарсаңында жарнамалық құрылымдарға орналастыру үшін біз кәсіби және қоғамдық қызмет саласында белгілі бір жетістіктері бар жас әйелдердің тізімін ұсындық", – деді Данияр Есин.

Кейіпкерлердің арасында қалалық қызмет, әлеуметтік сала, өнер және спорт саласының жұмысшы мамандықтардың иелері бар. Атап айтқанда, бұл: педагогтер, дәрігерлер, спортшылар, елорда театрының актрисалары, жас ғалымдар, еріктілер, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу