Астананы газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінді

1377

Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс монтаждау жұмыстарының жалпы сомасы 52 млрд теңгені құрап отыр.

Астананы газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінді

Астананы газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінді. Бұл туралы үкімет сағатында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды elorda.info.

​"Бесінші бастама бойынша елді газбен қамтамасыз ету үшін Астана әкімдігі былтырғы жылдың 13 шілдесінде газ тарату желілерін салу және Астананың жеке секторы тұрғын алаптары мен энергия кешенін табиғи газға ауыстыру жөнінде жол картасы бекітілді. Бүгінгі күні Астананы газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінген. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс монтаждау жұмыстарының жалпы сомасы 52 млрд теңгені құрап отыр", – деді елорда әкімі.

Оның айтуынша, бірінші кезеңнің құрылысы бойынша 27 млрд теңге керек.

"Бірінші кезең аясында 3 ЖЭО және Көктал-1, Көктал-2, Оңтүстік-шығыс шағын аудандарын газдандыру қарастырылып отыр. Бүгінгі күні тиісті құжаттамаға мем сараптаманың қорытындысы алынды. Жергілікті бюджеттен 286 млн теңге бөлінді. Биылғы жылы жаңағы айтылған 27 млрд туралы, оның ішінде 4 млрд теңге республикалық бюджетті нақтылау кезінде біз тиісті құжаттаманы министрлікке беретін боламыз. Әрі қарай республикалық бюджет комиссиясында қарау үшін", – деді Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу