Астананы су басу қаупі жоқ – вице-министр

177

Су тасқыны кезеңі тұрақты бақылауда. 

Астананы су басу қаупі жоқ – вице-министр Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров елордадағы қорғаныс бөгетін қайта құру жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты алаңдаушылыққа негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін AMANAT партиясының мүшелері жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталмауы қалаға тасқын су қаупін төндіруі мүмкін екенін көтерген болатын.

Алайда министрлік бұл қауіптің жоқтығын айтып, көктемгі су тасқынына қарсы шаралар бақылауда екенін жеткізді.

Астана тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Контрреттеуші тасқын суды қабылдап, оны қала арқылы қауіпсіз өткізуге дайын. Сондықтан ешқандай алаңдаушылық пен көші-қонға негіз жоқ, – деп сендірді Нұрлан Алдамжаров БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу