Астананы жарықпен қамтуда кедергілер болуы мүмкін

167

Бас шаһардағы 5 мыңнан аса трансформатордың үштен бірі ғана Астана аймақтық электр желісі компаниясының қарауына өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астананы жарықпен қамтуда кедергілер болуы мүмкін Фото: canva.com

Қалған бөлігі қараусыз немесе жекенің меншігінде.

"Салдарынан елордалықтарға үздіксіз электр энергиясын жеткізуде түрлі кедергілер туындайды", – дейді сала мамандары.

Құрылыс компанияларының трансформаторларды уақытылы Астана аймақтық электр желісінің құзыретіне бермеуі де мәселеге айналған.

"Заңмен міндеттелсе де жауапкершіліктен жалтарып жүргендерді жүгендеу қажет", – дейді энергетиктер. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу