Астананы жарықтандыруға күн сайын 112 мың кВт/сағ электр энергиясы жұмсалады

1387

Астананы жарықтандыруға күн сайын 112 мың кВт/сағ электр энергиясы жұмсалады

Қараңғы түскен уақытта түнгі жарықтандыру елорданың келбетін ерекшелей түседі. Қазақстанның бас қаласы орта есеппен 112 495 кВт/сағ электр энергиясын тұтынады, деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.  

Орамдар ішін, қала көшелерін, бақтар мен гүлбақтарды, жағалауды жарықтандыру үшін "Астана қалалық жарық" ЖШС жауап береді. Бүгінде олардың балансына бақтар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жарықтандырудың 18 мыңға жуық шамдары, 31 мыңға жуық жол маңы шамдары және 3 мыңнан аса орамішілік жарықтандыру құралдары жатады. Қазіргі уақытта Астанада пилоттық режимде сыртқы жарықтандыруды басқару мен қуатын реттеу бойынша жаңа технологиялар енгізілуде. "Астана қалалық жарық" ЖШС өкілдерінің айтуынша, "ДНаТ" маркалы шамдардан жарық диодты шамдарға (бүгінгі күні 5686 данасы орнатылған)  біртіндеп көшу жүргізілуде. Олар Бейбітшілік көшесінде, "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының айналасына, Кенесары даңғылында (Бөкейхан көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және қаланың басқа аудандарында орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу