Астананы қысқы уақытта жылыту үшін 3 млн тоннадан артық көмір қажет. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік басқармасының өнеркәсіптік дамыту бөлімінің басшысы Азамат Рашитов айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Сұхбаткердің пікірінше, деректер өткен жылдағы есептер негізінде шығарылған. Осылайша, 2016 жылы астана 3 млн 200 мың тонна көмір пайдаланған.
"Бұл көлемді негізінен ЖЭО, ірі және шағын кәсіпорындар тұтынды. Осы жалпы көлемнің 20% халық тұтынды", – деп түсіндірді Рашитов.
Қазіргі кезде, энергетика басқармасының хабарламасы бойынша станцияларда нормативтік 20 тәуліктік отын қоры құрылды. Бұл ретте "Астана-Энергия" АҚ көмір қоры 351 806 тоннаға тең, соның ішінде ЖЭО-да -1 – 36 766 тонна, ЖЭО-2 – 315 040 тонна. Алдағы жылу маусымына қатты отынды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін, астаналық кәсіпкерлік басқармасы барлық ірі кен орындарына астананың қажеттіліктері туралы ақпаратпен хат жіберді.
Көмірді халыққа бөлшектеп өткізумен шамамен 30 ірі және шағын кәсіпорынлар айналысады. Қала бойынша отынның орташа бағасы кен орнына байланысты 11 500 теңгені құрайды.