Астананың 100-ден аса кәсіпкері Recommended by EXPO-2017 бағдарламасының серіктесі атанды

901

Астананың 100-ден аса кәсіпкері Recommended by EXPO-2017 бағдарламасының серіктесі атанды

Бүгінгі күні Recommended by EXPO-2017 бағдарламасына туризм саласындағы 136 кәсіпкерлік нысаны қабылданды, соның 35-і  қонақ үй және 55-сі қоғамдық тамақтану орны. 23 қонақүй мен 39 қоғамдық тамақтану орны тіркеуден өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бағдарламаның басты міндеті – бизнесті көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуға ынталандыру.  Қатысушыларға қойылатын талаптар ашық ақпарат көздерінде жарияланған, бағалауды көшпелі жұмыс тобы жүргізеді, оның құрамына әкімдіктің, "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының, Кәсіпкерлер палатасының, "Туриндустрия ұлттық одағы" ЗТБ, Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің, ТЖД және "Астана LRT" өкілдері кіреді.

Еске салсақ, алдағы ЕХРО-2017 көрмесінің туристеріне көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға кешенді тұрғыда қарау мақсатында елорда әкімдігі "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясымен бірлесе отырып 2015 жылдан бері Recommended by EXPO-2017 Астананың әріптестік бағдарламасын іске асырып келеді. Бағдарламаға қонақ үйлер, хостелдер, қоғамдық тамақтану объектілері, көлік компаниялары, жалға берілетін пәтерлер, қонақ үй сервисі бар апартаменттер, коворкинг компаниялар, қызмет көрсету саласының компаниялары, аудармашы-гидтер және экскурсия жүргізушілер қатысады.

Негізгі талаптар – қызметкерлерінің ағылшын тілін білуі, туристер үшін қолжетімді ас мәзірі және тағы бірнеше көрсеткіш бар. Астана қаласының әріптесі мәртебесін алу жоғары сенімді және көрсетілетін қызметтер үшін қаланың кепілдік беретінін білдіреді. Бұдан басқа елордада қызмет көрсету саласының сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік ұйымдар тарапынан қаржылық емес қолдау тетіктері қарастырылған.

2016 жылдың қарашасынан бастап "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ымен бірлесіп ЕХРО-2017 қарсаңында қонақ үй және мейрамхана бизнесінде кәсіпкерлерді оқыту қолға алынды, барлығы 250 адам оқытылды. Сонымен бірге ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шеңберінде "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС Di Beissen тренинг орталығымен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлерін ақысыз негізде ағылшын тіліне оқыту курстарын өткізді. 40 қоғамдық тамақтану орнында жұмыс істейтін 56 адам оқытылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу