Астананың 11-сынып оқушылары жиналған би кешінде жанжал болды

972

Астананың 11-сынып оқушылары жиналған би кешінде жанжал болды

Елордадағы Оқушылар сарайы аумағында әртүрлі мектептерде 11-сыныпта оқитындар үшін ұйымдастырылған би кешінен кейін ер бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы білім басқармасы мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның денсаулық жағдайы тұрақты.

Сонымен қатар елорда ішкі істер департаментінің хабарлауынша, күдікті адам анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Заңнамаға сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жариялауға жатпайды.

"Егер де тергеу мүддесіне қайшы болмаса, деректер прокурордың рұқсатымен тиісті тәртіпте жария етулі мүмкін. Сонымен қатар бұл жағдайда басқа адамдардың құқығы мен заңды мүддесі бұзылмауы тиіс", - делінген ІІД хабарламасында.

Бұдан бөлек, аталған оқиғаға қатысты Оқушылар сарайы директорының орынбасары Набибулла Досболов та пікір білдірді.

"Бұл аумаққа әкімдік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар аталған оқиға Оқушылар сарайы ғимаратынан тыс жерде орын алды. Бала осы нысанға келіп жүрген жоқ. Олар серуендеу мақсатында сыртта болған және оқиға мектеп оқушылары арасындағы жанжалдан туындаған. Балалардың бізге еш қатысы жоқ", - деді ол.

Оның айтуынша, би кеші №52 мектептің өтінімі бойынша ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу