Қаламыздың 20 жылдығына ҚР мәдениет және спорт министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен қоса алғанда 645 іс-шара жоспарланған. Биыл бас қаламыздың 20 жылдығына байланысты, салтанатты іс-шалалар жыл бойы жалғасатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"Мысалы G-Global хатшылығымен бірлесіп 3 шілдеде "Жаһандық Жібек жолы" атты халықаралық конференция, 4 шілдеде Дүниежүзілік экономикалық ислам форумын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осының аясында Жібек жолы бойында орналасқан қалалар мэрлерінің форумын өткізуді жоспарлаудамыз", - дейді қала әкімі.
Сонымен қатар, маңызды іс-шараның бірі 5 шілде күні "Астана" халықаралық қаржы орталығын ресми тұсаукесері. Тағы бір маңызды жоба - "Астаналар шеруі: Астанының 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы". Басқамда мәдени және шығармашылық іс-шаралар, бизнес-форумдар және іскерлік кеңестер өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, мерекеге орай Астанаға бауырлас қалаларды шақырамыз. Қазіргі күнде Анкара мен Бейжің мәдениет күндерін өткізуді растады. Басқа да елдердің елшіліктері бірлескен шаралар өткізуге ұсыныс жасауда.
"Мерейтойлық шаралардың маңызды бір парасы ел аймақтарында Астана күнін өткізу болмақ. Бұл шара мамырда бастау алып қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Шығармашылық топтардың және елорданың инвестициялық жобалары таныстыратын болады. Сонымен қатар, 15 - сәуір күні абаттандыру, көгалдандыру айлығы акциясы және "Үздік сурет", "Астана туралы үзік сыр", "Үздік ән" байқауын бастаймыз", - деді Әсет Исекешев.