Елорданың 2017 жылға арналған бюджеті 372 млрд 868 млн теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер мен несиелер – 153,4 млрд теңге, жеке кірістер 212,6 млрд теңгені құрайды.
Мәслихаттың кезекті сессиясында "Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы" баяндамасын қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин таныстырды. Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті елорданың бес жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленді (2016-2021 жылдар), деп хабарлады astana.gov.kz.
Бюджетте білім саласына шығындар қарастырылған, соның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету, елорданың барлық ЖОО мен колледждерінде күндізгі бөлімде оқитын студенттерді қоғамдық көлікпен жеңілдікпен жүру мүмкіндігімен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік көмекке және мәдениет, дене шынықтыру және спортты қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, отын-энергетикалық кешенді дамытуға, көлік және коммуникацияға шығындар қарастырылған.
Сессияның жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, қалалық департаменттер мен басқармалардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.