Елорда тұрғындары мен қонақтары Астананың 25 жылдығына арналған жаппай веложарысқа шақырылады. Іс-шара 25 маусым күні өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықты бағындырып, Үркер (Ильинка) елді мекеніне барар жолдағы "Жасыл белдеу" саябағында мәреге жетеді.
Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 08:00-ден 08:30-ға дейін жалғасады. Басталуы – 09:00.
Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу