Астананың 265 тұрғыны емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланды

958

Олардың 265-сі – бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемені және маманды еркін таңдау құқығы арқылы таңдады. 

Астананың 265 тұрғыны емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланды

Тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны аясында 280 астаналық азамат жаңа емдеу мекемелеріне тіркелді, олардың 265-сі – бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемені және маманды еркін таңдау құқығы арқылы таңдады. Бұл туралы науқанның алдын ала мониторингін жасаған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы мәлімдейді.

Тіркелген тұрғындар саны бойынша қалалық №9, №2 және № 1 емханалар көш бастап тұр. Қор филиалының директоры Н.Қабдықапаровтың айтуынша, науқанға шамамен 44 емхана қатысады. Дегенмен, олардың ішінде тұрғындарды емханаларға тіркеу талаптарын бұзу жағдайлары да кездеседі. Айтап айтсақ, қажетті құжаттар тізімінің толық болмауы, туу туралы куәліктің орнына жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) берілуі. Бұл ретте жеке сәйкестендіру нөмірі құжат болып табылмайтындығын ескерген жөн.

"Жоғарыда аталған қателер емханаға тіркелу барысына кедергі келтіретіндігі белгілі. Сондықтан барлық азаматтар өтініш беру кезінде мұқият болуға тиіс", - дейді Н.Қабдықапаров.

Естеріңізге сала кетсек, тіркеу науқаны кезінде емханаларға тіркелген азаматтар, медициналық қызметтерді келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ала алады, емдеу мекемесі мен медициналық сақтандыру қорының арасында қызметтерді сатып алу туралы келісімшарт бекітілуге тиіс. 

Тіркеу науқанының аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды. Ережеге сай емханаға жылына бір рет тіркелуге болады. Бірақ бұл уақытша немесе тұрақты тіркеуін қайта рәсімдеген, немесе қаланың басқа ауданына көшіп келген азаматтарға қатысты емес. Емханаға тіркелу мерзімі шектелмеген, медициналық қызметті жылдан жылға бір жерде алу үшін бір рет өтініш рәсімдеу жеткілікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу