Астананың 3 жылдық бюджеті талқыланды

529

Бүгін Астана қалалық қоғамдық кеңесінде елорданың 2023-2025 жылдарға арналған бюджетіне қатысты тыңдау өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астананың 3 жылдық бюджеті талқыланды Фото: 7kun.kz

Жиында баяндама жасаған Астана қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Айжан Түгелбаеваның дерегінше, пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді есепке алмағанда 2023-2025 жылдардағы қаланың өзіндік кірісі 1 трлн 653,5 млрд теңге болмақ. Ал келер жылы қала бюджеті 553,1 млрд теңгеге толығады.

"Республикалық бюджеттен дамуға арналған мақсатты трансферттер сомасы 139 млрд теңгені, оның ішінде 2023 жылы 102,3 млрд теңгені құрайды. Астана республикалық бюджетке 70 млрд теңге мөлшерінде алым төлеуі тиіс", - деді Айжан Түгелбаева.

Айжан Түгелбаеваның дерегінше, алдағы үш жылға Астана әкімінің аппаратына 6 млрд 493,8 млн теңге, ал келесі жылға 2 млрд 527,3 млн теңге көзделген. Ал қаланың 4 ауданына өздеріне жүктелген қызметтерді атқаруға, сонымен қатар азаматтарды шақыру және тіркеу, аумақтық қорғаныс, жерлеу орындарын санитариялық қамтамасыз ету, абаттандыру, жарықтандыру, күтіп ұстау үшін 2023 жылға 44 млрд 262,6 млн теңге қарастырылған.

"Оның ішінде Алматы ауданы аппаратына – 10 млрд 914,9 млн теңге, Байқоңыр ауданына - 8 млрд 288,5 млн теңге, Есіл ауданына – 15 млрд 272,1 млн теңге, Сарыарқа ауданына – 9 млрд 887,1 млн теңге", – деді басқарма бастығының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу