Астананың 39 кәсіпкері ескерту алды

300

Кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына үстемеақы шегін арттырды. 

Астананың 39 кәсіпкері ескерту алды Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаның өсуін тежеу, тұрақтандыру және реттеу құралдарының бірі баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды анықтау болып саналады. Сонымен қатар, "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері ӘМАТ бағасын қоспағанда тауарлардың бағасын дербес анықтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетсек, "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңының 9-бабын бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғалады және ішкі сауда субъектісінің ӘМАТ-қа 15% сауда үстемесін асырғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша "Ескерту" түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің мәліметіне сәйкес, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта КС - 75, ірі КС - 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, Сауда комитеті мен Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен келіп түскен материалдар бойынша, 39 кәсіпкер "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша "Ескерту" түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, 10 кәсіпкерге қатысты материалдар қаралып жатыр.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ӘМАТ бағасына қатысты ҚРЗ бұзудың жолы кесіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу