Астана қаласынының Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет нұсқасына көшті.
“Елордада алдағы уақытта шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет нұсқасына көшті. Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 08.00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астарханка кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блок-бекет қойылды”, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараларға түсіністіктік танытуын сұрайды.