Астананың айналасындағы орман алқабы 100 мың гектарға ұлғайтылады

828

Астананың айналасындағы орман алқабы 100 мың гектарға ұлғайтылады

2021 жылға дейін Астананың айналасындағы жасыл желекті 100 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

1997 жылдан бастап биылға дейін елорда маңында 80 мың гектардан астам аумаққа ағаш отырғызылды. Бұл туралы бүгін Астанадағы халықаралық сарапшылар мен отандық ауылшаруашылық мамандарының жиынында айтылды. Жалпы соңғы он жылда ормандарды ұлғайту көлемі 500 мың гектар аумақта жүзеге асырылды. Бұл республикадағы орман жамылғысын 0,2 пайызға арттырды. Қазір ел территориясының 4,7 пайызын жасыл-желек алып жатыр. Қазақстан – орман экожүйесін қалпына келтіруде әлемде жоғарғы көрсеткішке жетіп отыр. Сондықтан халықаралық бондық шақыру кеңесінің кезекті жиыны Астанада өтті. Аталған кеңес Кавказ бен Орталық Азиядағы 350 млн гектардан астам бүлінген жерді 2030 жылы қайта қалпына келтіруді үйлестіру мүмкіндігі ұсынылды. Дөңгелек үстелге Әзербайжан, Армения, Грузия, Германия, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан елдері орман бөлімшелерінің басшылары мен БҰҰ-ның Табиғатты қорғау халықаралық одағы секілді қауымдастықтардың өкілдері де қатысты.

"Кеше делегаттар жасыл желекті аралап көрді. Өте керемет тәжірибе екенін айтуда. Бізге де тәжірибе керек, өте күрделі климаттық жағдайда орманды өсіру тәсілдерін меңгеру қажет", – деді ҚР премьер-министрдің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу