Астананың атауын өзгертуді ұсынғаным үшін жазғырмаңыздар - депутат Сұлтанов

1115

Астананың атауын өзгертуді ұсынғаным үшін жазғырмаңыздар - депутат Сұлтанов

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана атауын өзгерту жөніндегі бастамасына қазақстандықтардың жаудырған сынына жауап берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Әлеуметтік желілерде айтылған сын-пікірлер ауыр тиді ме?" деген журналистердің сұрағына ол: "Әрине, ауыр тиді. Пікірге бола сын айтуға болады, ал бірақ адамның жеке басына тиісіп, ұсыныс, идея, пікір айтқаны үшін балағат сөздер айтуға ешкімнің  хақысы жоқ. Келіспеуіне болады, бірақ танып-білмейтін адамның артынан аузына келгенін айта салу біздегі саяси мәдениеттің төмендігін байқатады", – деп жауап берді.

"Депутаттар тобы декларацияны қабылдау үшін хат жолдады. Декларацияда біз 25 жылда жеткен жетістігімізді, кім болғанымызды жаздық", – деді Қуаныш Сұлтанов халықаралық конференция барысында журналистерге берген сұхбатында.

Бұдан бұрын депутат елорданы және елдің маңызды нысандарын  Елбасы есімімен атауды ұсынған. Кейіннен Қазақстан Президенті "Ресей 24" арнасына берген сұхбатында елорда атауын өзгерту қажеттігін көріп тұрмағанын айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу