Астананың әуежайы 2016 жылы жолаушылар легін 3%-ға арттырды

1023

Астананың әуежайы 2016  жылы жолаушылар легін 3%-ға арттырды

Астананың халықаралық әуежайы 2016 жылы 3 млн 452,714 мың жолаушыға қызмет көрсетті, бұл  2015  жылғы көрсеткіштен 3 %-ға артық, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне компаниядағылар.
Ішкі рейстердегі жолаушылар легі 2 млн 318,279 мың (өсім 5 %) адамды, халықаралық рейстерде – 1 млн 134,435 мың (1 % өсім) адамды құрады.
Оның ішінде 2016 жылы жөнелтілген жолаушылардың саны 1 млн 758,063 мың адамды (өсім 5 %), сырттан келген жолаушылар – 1 млн 694,651 мың (өсім 2 %) адамды құрады.
Әуежайдың жүк айналымы  есептік кезеңде  28 %-ға, 10,078 мың тоннаға артты.
Жалпы  2016 жылы әуежай 24,833 мың рейсті орындады (өсім 2 %).

Елорданың әуежайы  еліміздегі көлемі жағынан Алматыдан кейінгі екінші халықаралық әуежай саналады. Ол әуе кемелерінің барлық түріне шектеусіз қызмет көрсетеді. Нысан мемлекеттің меншігінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу