Астананың әуежайында интернет жоқ, деп хабарлады әуежайдың анықтама қызметі. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.
"Жоқ, жұмыс істемейді", – деді әуежайдағы интернет байланысқа қатысты сұраққа әңгімелесуші.
Оның айтуынша, "Қазақтелеком" тарапынан іркіліс туындаған. Анықтама қызметі оның қашан қалпына келетіні туралы нақты айта алмады.
Дегенмен әуежайда рейс күтіп отырған жолаушылардың бірі интернеттің болмауына байланысты "барлық рейстер орны көрсетілмей тізім бойынша қолмен тіркеліп жатқанын" айтты.
"Оптикалық-талшықты кабельге зақым келген дейді", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу