Астананың автопаркі жыл сайын елімізде құрастырылған 80 автобус сатып алады

1227

Тарифтік саясат және субсидиялау саласындағы өзгерістердің арқасында тасымалдаушылар жылжымалы құрамды өз қаражаты есебінен сатып ала алады.

Астананың автопаркі жыл сайын елімізде құрастырылған 80 автобус сатып алады

Қаланың жылжымалы құрамы 70%-ға жаңарды, бұл өз кезегінде ескірген 400 автобусты пайдаланудан шығаруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды elorda.info.

Жылына кемінде 80 автобусты жаңа отандық автобустармен жаңарту жоспарлануда. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун хабарлады.

Оның айтуынша, тарифтік саясат және субсидиялау саласындағы өзгерістердің арқасында тасымалдаушылар жылжымалы құрамды өз қаражаты есебінен сатып ала алады. Бұған дейін IVECO автобустарын сатып алу мемлекеттік бюджет қаражаты мен несие қарыздары есебінен жүзеге асырылды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке инвестицияларды тарту есебінен отынның баламалы түріндегі автобустарды (электробустар) сатып алу және пайдалану жоспарлануда", - деп хабарлады С.Хорошун.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда "Iveco" маркалы 738 автобус сатып алынып, пайдалануға берілген. Оның ішінде 628-і қаладағы маршрут болса, 110-ы – қала маңындағы автобустар. Сондай-ақ осы жоба аясында гибридті қозғалтқыштары бар 20 автобус сатып алынған. Бұл жаңарту қаланың жылжымалы құрамын 70%-ға жаңартып, ескірген 400 автобусты пайдаланудан шығаруға мүмкіндік берген.

"Сатып алынған автобустар еуропалық экологиялық стандарттарға (Еуро 5, 6) сәйкес келеді және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жайлы тасымалдау үшін тиісті пандустары бар, қазіргі заманғы бейнебақылау, диспетчерлендіру, ақпараттандыру және жол жүрудің электронды төлеу жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, жергілікті климаттық жағдайлар ескерілген, автобустардың екі шынысы бар, жылыту және кондиционерлеу жүйемен жабдықталған", - деді ол.

Айта кетейік, Астананың қоғамдық көлігінің маршруттық желісі 84 маршруттан тұрады, оның ішінде 61-і – қалалық, 7-еуі – жедел және 16-сы қала маңындағы қатынастардан тұрады.

Күн сайын маршруттарға 844 автобус шығады, олардың ішінде 735 автобус – қалалық маршруттарға, 47 автобус – экспресс маршруттарға және 62-сі – қала маңындағы маршруттарға қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу