Астананың барлық мектеп оқушыларына бірыңғай форма енгізілді

1135

Астананың барлық мектеп оқушыларына бірыңғай форма енгізілді

2017 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласының оқушылары мектепке бірыңғай киім үлгісінде баратын болады. Қалалық білім басқармасы форманың түсі, үлгісі мен матасының сапасы көрсетілген нұсқаулықты барлық мектептерге жолдады, деп хабарлайды Elorda.info.

Жаңа оқу жылынан бастап Астанадағы барлық мектеп оқушылары қою көк түсті форма киетін болады. Бірақ олар бұл киім үлгісіне біртіндеп көшіріледі. Бірінші сынып оқушылары үшін қою көк түсті форма сатып алынады.

Өзге сынып оқушылары үшін қою көк түсті мектеп киімі қолданыстағы формалары ескіргеннен кейін алынады. Осылайша, бір түсті мектеп формасын кезең-кезеңімен көшу көзделген. Ұлдарға арналған мектеп киімінің жиынтығында пиджак, жилет, шалбар, мерекелік ақ көйлек, күнделікті көйлек, тоқыма кеудеше, водолазка бар. Ережеге сай, ең кем дегенде көйлек, жилет пен шалбар болуы тиіс.

Қыздарға арналған толық жиынтық келесідей — пиджак, жилет, белдемше, классикалық блузка, тоқыма кеудеше, сарафан, водолазка. Құжатта қыздардың гардеробында кем дегенде қандай киімдер болуы тиістігі аталмаған. Мүмкін бұл — блузка, жилет және белдемше.

Мектеп формаларына айыру белгілері — оқыту мекемелерінің эмблемалары орналастырылатын болады. Олар пиджакқа және жилетке тігіледі. Мектептер бірыңғай үлгі бойынша киімдерді тігіп беретін мекемені өздері таңдайды. Ең бастысы — сатып алынатын өнімдер құжатта көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу