Астананың бас имамы "зәулім үйде тұрады" деп жала жапқан азаматқа сот үкімі шықты

Ол әлеуметтік желіде видео түсіріп, оны көпшілікке таратқан еді. 

Астананың бас имамы "зәулім үйде тұрады" деп жала жапқан азаматқа сот үкімі шықты Фото: inbusiness.kz

Б. есімді құқық бұзушыға қатысты сот үкімі көп кешікпей-ақ шығып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған азамат жақында ғана елордадағы зәулім үйлердің бірін "бас имамның үйі" деп көрсетіп, желі қолданушыларын әбден жаңылыстырған болатын.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Б. есімді тұрғынның адамның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратқанын анықтады.

Сондай-ақ, ол бейнежазбасында зәулім үйдің халықтың қайырымдылыққа берген қаражаттарына салынғанын, оның Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін айтады. Бұл да әлеуметтік желілерде адамның ар-намыс пен қадір-қасиетін таптау болып саналады. 

Құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап отыр.

– Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және жәбірленушінің арызымен расталды. Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот таратқан хабарламада. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының және республикалық "Әзірет сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов аталған үйдің өзінікі емес екенін мәлімдесе, артынша үйдің Нұрлан Лесбекұлы есімді тұрғынға тиесілі екені отандық БАҚ-та кеңінен тарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу