Астананың бас өрт сөндірушісі тағайындалды

944

Астананың бас өрт сөндірушісі тағайындалды

Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Дұзақбаев жеке құрамға астаналық өрт сөндіру қызметінің жаңа бастығын таныстырды.  Бұл лауазымға  азаматтық қорғау полковнигі Руслан Елшібаев тағайындалды.

"Руслан Мұқанұлы азаматтық қорғау органдарында 20 жылдан астам еңбек етіп келеді. Біз оны білікті әрі білімді басшы ретінде танимыз. "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрменің қарсаңында Өрт сөндіру қызметінің әр маманының иығында үлкен жауапкершілік жатқанын түсінуіміз керек.  Сіз өз ісінің маманы ретінде алға қойылған барлық міндеттерді орындай алатыңызға сенемін"  – -деді Б. Дұзақбаев.

Елшібаев Руслан Мұқанұлы 1974 жылы Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарасты Өлеңті ауылында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 1994 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет етуде. "Қызмет атқару жылдары өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Жақсы ұйымдастырушылық қасиеттерге ие.  Қызметтік мәселелерді шешу барысында табандылық білдіреді, қызметкерлерге алға қойылған міндеттерді орындауға бағыт бере алады", – деп атап өтілген ТЖД мәліметінде.

ҚР ТЖМ "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" II және ІІІ дәрежелі медальдармен, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің құрмет грамотасымен, "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен,  "ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған. Астана қаласы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары лауазымына   азаматтық қорғау полковнигі Сәкен Қуанышбаев тағайындалды. Ол азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу