Астананың білім беру ұйымдарындағы 12 мыңнан астам бейнекамера жедел басқару орталығына қосылды

229

Қазір қаладағы 224 білім беру ұйымынан бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері жедел басқару орталығына қосылған.  

Астананың білім беру ұйымдарындағы 12 мыңнан астам бейнекамера жедел басқару орталығына қосылды Фото: total.kz

Олардың қатарында балабақшалар, мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары бар. Жалпы жүйеге 12 мыңнан астам бейнекамера шығарылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бейнебақылау жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жүйе білім беру ұйымдарындағы жағдайды тұрақты бақылауға, ықтимал құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және оқиға болған жағдайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында орнатылған дабыл түймелері төтенше жағдай туындаған кезде полицияға шұғыл хабар беруге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен білім беру ұйымдарында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталған. Негізгі анықталған фактілер қатарында төбелес, шылым шегу және спирттік ішімдік ішу жағдайлары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу