Астананың ботаникалық бағы 1 шілдеде таныстырылады

917

Астананың ботаникалық бағы 1 шілдеде таныстырылады

Астанадағы ботаникалық бақтың таныстырылымын 1 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп  хабарлайды Елорда.инфо. 
"1 шілдеде Астанада ботаникалық бақтың тұсаукесері өтеді. Жұмыстың 75% аяқталды. Жақын арада астаналықтар оны бірінші болып көре алады", - делінген "Астана ақшамы" таратқан ақпаратта. 
Айта кетейік, елордадағы Ботаникалық бақтың құрылысы 2012 жылы сәуір айында басталған еді. Жалпықалалық сенбілікте Қазақстан президенті бақтың құрылысы жүретін аумаққа емен ағашын отырғызып, дендрарий құрылысын бастап берген болатын. Бастапқы жоспар бойынша ботаникалық бақтың құрылысы ЭКСПО көрмесіне дейін аяқталады деп жоспарланмен, құрылыс жоспарына енгізілген бірқатар өзгерістерден кейін аяқталу мерзімі кейінге шегерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу