Астананың дабыл құралдары тексеріледі

768

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады. 

 Астананың дабыл құралдары тексеріледі

23-31 шілдеде Астана қаласы әкімдігі төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, теле-радио арналардың көмегімен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады. 

"Төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол "Баршаңыздың назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Белгілі бір жағдайда жасалатын іс-әрекеттер туралы ақпараттар мен нұсқаулықтарды алу үшін бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат құралдарын қосуы керек", - делінген таратылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу