"Астананың" екі ойыншысы "Атырауға" ауысты

397

Жасұлан Қайыркенов пен Лев Скорцов биылғы маусымды "Атырау" құрамында өткізеді.

"Астананың" екі ойыншысы "Атырауға" ауысты

"Астананың" ойыншылары Жасұлан Қайыркенов пен Лев Скорцов биылғы маусымда "Атырауда" ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 жастағы жартылай қорғаушы Жасұлан Қайыркенов 2016 жылдан бері елордалық "Астананың" құрылымына кіретін "Астана Ж" және "Астана Жас" командаларында өнер көрсеткен.

20 жастағы шабуылшы Лев Скорцов та 2016 жылдан бері - "Астана" құрылымында. Ол жүзге жуық матчқа қатысып, 14 голдың авторы атанған.

Екі футболшы да "Атырауда" жалда ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу