Астананың 27 жастағы тұрғыны достарының бизнесін алға жылжыту үшін ақша салуға шақырып, болашақ инвесторларға тиімді бизнес жоспарын ұсынды. Осылайша, қала тұрғыны полицияға хабарласып, бір жыл бұрынғы танысына сеніп, оған 4,5 млн теңге бергенін айтқан. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, тағы бір жағдайда күдікті жәбірленушінің 15 млн теңгесін жымқырып, алдап кеткен. Ол кейіннен жоғары пайда ала отырып, қаражатты тағы да инвестициялауды ұсынған. Бірақ жәбірленушілер жоғары төлемдерді күтпестен бірден құзырлы органға жүгінген. Қазіргі таңда, полицейлерге 4 алаяқтық дерек белгілі болды.
"Аталған факті бойынша, күдікті азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті алған қаражатын қойып, бәрін ұтылып қалған", - делінген полицияның баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, қылмыстық іске қатысы бар азамат қылмысты жасағанын мойындап, пробациялық бақылауға алынды. Қазіргі уақытта, оның Астанада бұрын жасалған осындай фактілерге қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр.