Астананың екі тұрғыны криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін сотталды

Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынады. 

Астананың екі тұрғыны криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін сотталды Фото: pixabay.com

Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз кәсіпкерлікке қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, екі ер адам криптовалютаны қолма-қол ақшаға заңсыз айырбастаған. Олар өздеріне соманың 1,5-тен 2,5%-ға дейін қалдырған. Сондықтан, олардың табысы ерекше үлкен болды. Ал қызметтен түскен тауар айналымы 15 млрд теңгені құрады.

"Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді", – делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, сот олардың бірін үш жылға, екіншісін – 2,5 жылға бас бостандығынан айырғаны туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, екі сотталушының да мүлкі тәркіленді.

Айта кету керек, Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу