Астананың экономикасы қарқынды өсіп келеді

2486

Астананың экономикасы қарқынды өсіп келеді

Астананың экономикасы елдің өзге өңірлерімен салыстырғанда қарқынды өсуде. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігіндегі кеңесте қала әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала басшысының сөзінше, 2016 жылдың соңғы 9 айында Астананың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2,3%-ға ұлғайды (ҚР бойынша – өсім 0,4%) және  3,5 трлн теңгеге жетті.

Астананың жалпы республикалық ЖІӨ-дегі үлесі 11%-ды құрайды.

Жергілікті биліктің бағалауына сәйкес 2017 жылдың қорытындысы бойынша елорданың экономикасы 3,7%-ға артып, 5,1 трлн теңгеге жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу