Астананың энергокешендерін жекешелендіру мәселесі қаралып жатыр - Бақыт Сұлтанов

654

Үшінші жылу электр орталығының екінші кезегін МЖӘ тетігі арқылы салу жоспарланған.

Астананың энергокешендерін жекешелендіру мәселесі қаралып жатыр - Бақыт Сұлтанов

Екінші жылу электр орталығын кеңейту және қайта жаңарту қосымша 2–2,5 млн шаршы метр тұрғын және коммерциялық алаңды орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етеді. Үшінші жылу электр орталығының І кезегін салу Астананың батыс және сол жақ бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Ал қуаттылығы сағатына 418 Гкал үшінші жылу электр орталығының екінші кезегін МЖӘ тетігі арқылы салу жоспарланған. Бұл туралы елорда әкімі бүгін үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта осы салада тәжірибесі бар тәуелсіз кеңесшілерді тартумен, Астана қаласының энергокешендерін жекешелендіру мәселесі қаралып жатыр. Жекешелендіру бойынша тиісті шешім қабылданған жағдайда барлық рәсімдерді 2020 жылға дейін аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, 110 кВ үш қосалқы станциясын салу және110 кВ ауа желілерін қайта жаңарту көзделген. Бұл LRT, Мыңжылдық аллеясын, Темір жол кентін электрмен қамтуға, қаланың оңтүстік–батыс бөлігінде жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, елорданы газдандыру бойынша бірінші кезеңде 2021 жылға қарай Жылу электр орталықтарындағы су жылытқыш және шағын жеке қазандықтарды, сондай-ақ тұрғын-үй алқаптарын газ отынына ауыстыру жоспарланады. Бұл зиянды заттар шығарындыларын 30% төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Есіл өзенінің арнасын әрі қарай реконструкциялау жұмысын күшейту жоспарланған (12 учаске). Бұдан өзге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында, қаланың кез-келген тұрғын ауданынан 20 минуттық жерде саябақтар мен гүлзарлар салу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу